Қалауова Зияш
Зияш Қалауова 1921 жылы қазан айында Түркістан ауданына қарасты Ащысай руднигінде туған. 1932 жылы бұрынғы шәуілдір ауданындағы «Кеңес» колхозының жеті жылдық мектебіне оқуға барады. 13 жасар ақын қыз 1934 жылы Қазақстан Жазушыларының I съезіне қатысады. Ол 1939 жылы өткен Қазақстан Жазушыларының II съезінің делегаты. 1940 жылы Түргендегі бір жылдық мұғалімдер курсына оқуға түседі. 1934-45 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогика институтына оқиды. Соғыстан кейін ақын қыз Алматы облысы, ұйғыр ауданындағы «Ақсу» Орта мектебіне қызметке келеді. З.Қалауованың «Шолпан», «Кавказ шыңында», «Бейбітшілікті сүйеміз», «Алғыс» атты жыр жинақтары бар. Ол 1952 жылы 1 маусымда қайтыс болды. Зияш Төлеудің жалғыз перзенті. Ол кісі Зияш өлген соң Түркістан мен Кентаудың арасындағы «Құсшы ата» деген жерге көшіп келіп, 200 түп жүзім, 300 түп тал отырғызыпты. «Өзімнен ұрпақ қалмаса да, еңбегім жер бетінде қалсын» депті Төлеу қарт. Ал Төлеудің жалғыз қызына деген сағынышынан туған өлеңі де сақталыпты.
Сатыбалды(Сакен) Нарымбетов
Сатыбалды Нарымбетов родился в 1946 году в поселке Ачисай Туркестанского района Южно-Казахстанской области.
В 1969 году окончил сценарный факультет ВГИКа, в 1984-м — Высшие режиссерские курсы при Госкино СССР (мастерская Георгия Данелии).
Автор сценария фильма «Шок и Шер», автор сценариев и режиссер картин «Очарование», «Дон Кихот моего детства», «Осенние извилистые дороги», «Зять из провинции», «Гамлет из Сузака», «Жизнеописание юного аккордеониста», «Молитва Лейлы». В настоящее время работает над двухсерийной лентой «Мустафа Чокай».
Лауреат Государственной премии РК, заслуженный деятель РК, лауреат международных кинофестивалей, в их числе — премии Французской киноакадемии имени Жоржа Садуля.
Бақбергенов Сәуірбек
Сәуірбек Бақбергенов 1920 жылы Ащысай руднигінде дүниеге келген. Түркістан каласыңдағы балалар үйінде тәрбиеленіп, осындағы теміржол, кейіннен педагоғика училищесінде оқиды. 1939 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Подольск жаяу өскер училищесін бітірісімен Москеу түбіндегі үрыстарға катысады. С. Бақбергенов И.В.Панфилов атындағы N8 гвардиялық дивизияның офицері — атқыштар взводының командирі. Әскер қатарынан босаған соң "Социалистік Қазақстан" газетінде еңбек етті. 1950 жылы мәшһүр үшқыш Талғат Бигелдинов һақындағы хикаятын бастырады. Шокан Уәлиханов ғұмырынан "Қоянкөлге қүлаған жүлдыз", "Мен сізді сүйемін", "Тараз көгершіндері" атты үш хикаят жазған.Соғыс тақырыбына жазылған "Карға тамған қан", "Алтын күрек", "Адам және көлеңке", "Көлеңке"романдары, "Талғат", "Белгісіз солдат", "Жанғожин", "Барлаушылар," "Атжалында" хикаяттары мен көптеғен әңгімелері оқырманға жақсы таныс.Ол "Мейірімді анам", "Адам жоне көлеңке", "Кентау" романдарының "Бозторғай", "Әнші бала", "13-нөмірліойьтншы" хикаяттарынын, "Біздіңжігіттер", "Біздіңколхоздаболған еді", "Жол Алтынемел арқылы өтеді" атты әңгіме жинақгарының авторы.
Максим Горькийдің біркатар әнгімелері мен ертектерін қазақшаға тәржімалаған.
Роза Айжановна Орынбасарова
Роза Айжановна Орынбасарова (род. 18 февраля 1957, г. Кентау пос.Ачисай, Чимкентская обл. Казахской СССР) — кинорежиссёр, сценарист.
В 1979 г. окончила Казахский государственный университет, факультет журналистики, работала на телевидении.
В 1988 г. окончила режиссерский факультет ВГИКа. Работала на Российской центральной студии документальных фильмов, на к/с «Ленфильм». Живет в Санкт-Петербурге.
Одно из главных событий в творческой биографии Розы Орынбасановой произошло в 90-м году, когда ее диплом — немой, черно-белый короткометражный фильм «Ачисай» впечатлил руководителя «Творческой мастерской первого и экспериментального фильма» Алексея Германа. Мастер вынес вердикт «европейское сознание — восточный менталитет» и запустил на «Ленфильме» полнометражный дебют Орынбасаровой «Жертва для императора» по повести Куприна «Штабс-капитан Рыбников». Это был сложный проект, исторический, место и время действия — Петербург начала века, главный герой — японский шпион, бюджет — минимальный. Тем не менее, замысел был настолько интересным, что в съемочную группу дебютантки согласился войти оператор-постановщик Сергей Юриздицкий. Одновременно «Жертва для императора» стала стартом для нескольких молодых актеров, в том числе для Алексея Гуськова, ставшего сегодня звездой российского экрана. Музыку к фильму писал начинающий композитор Андрей Сигле — сейчас один из ведущих современных кинокомпозиторов Петербурга. Картина участвовала в конкурсах нескольких фестивалей, получила призы на КФ «Дебют-92» в Москве и КФ в Заречном-91. А у Розы Орынбасаровой с ее «евразийским» мироощущением начался продолжительный «роман» с Петербургом.
Ее следующая работа «Зал ожидания» (1993, российско-французская копродукция ) отразила трудный, переломный момент в жизни Петербурга начала 90-х. По сюжету фильма в город приезжают нувориши, желающие вернуть ему былое великолепие, и вступают в сложные взаимоотношения с «коренными петербуржцами» — интеллигентыми жителями старого города.
Потом Роза Орынбасарова ушла из кино на шесть лет и появилась в 2000 году сразу с двумя неигровыми работами, сделанными на СПб СДФ: 30-минутным документальным фильмом «Фарух и Диана» о солистах Мариинского театра Фарухе Рузиматове и Диане Вишневой и одночастевкой «Диана Вишнева».
В настоящее время Роза Орынбасарова собирается снимать мистический триллер «Прекрасная незнакомка» по «Петербургским повестям» Н.В. Гоголя.
Сүлейменов Төрехан Жақашұлы
ОҚО, Кентау қаласы, Ащысай ауылында 30 наурыз 1963 жылы туылған. Кентау қаласы әкімі аппаратының жетекшісі. Кентау кен-металлургия техникумы және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін оқып аяқтаған.
Карьерасы:
№30221 әскери бөлімінің учаскелік мастері. Байқоңыр қаласы
«Ачполиметалл» комбинаты ,Ачисай руднигі тұрмыстық қызмет басқармасының ағаш ұстасы. Ащысай ауылы
«Ачполиметалл» комбинаты, Ачисай руднигі комсомол комитетінің хатшысы. Ащысай ауылы
«Ачполиметалл» комбинаты, комсомол комитетінің хатшысы. Ащысай ауылы
Кентау қаласы әкімшілігі жастар ісі жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. Кентау қаласы
Кентау қаласы әкімшілігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі. Кентау қаласы
Кентау қаласы әкімшілігі ақпарат және мәдениет бөлімінің меңгерушісі. Кентау қаласы
«Бизнес-орталығы» ЖАҚ вице-президенті. Кентау қаласы
«Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры. Кентау қаласы
Байылдыр елді мекенінің әкімі
Кентау қалалық мәслихаты аппаратының бас маманы. Кентау қаласы
Кентау қалалық мәслихаты аппаратының жетекшісі. Кентау қаласы
Кентау қаласы әкімі аппаратының жетекшісі. Кентау қаласы
Орынбек Жолдыбай
Талай-талай өнер майталмандарын дүниеге келтірген Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласына қарасты Ащысай кенішінде туған Орынбек Жолдыбай мектепте оқып жүргеннің өзінде-ақ өлең, мақала жазумен әуестене бастаған. Тырнақалды туындылары қалалық "Кентау кеншілері”, облыстық "Оңтүстік Қазақстан”, республикалық "Қазақстан пионері” газеттерінде жарық көрген. Сонау Қиыр Шығыста азаматтық әскери борышын өтеп жүргенде де жазуға деген талпыныстан танбаған. Округтік әскери газетпен байланыс орнатып, әскери бөлімшенің тыныс-тіршілігінен орыс тілінде мақалалар жазып, штаттан тыс тілші атанған.
Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқып жүрген, студент атанған жылдар ішінде де баспасөзден қол үзбей, жазумен айналысып, мақалалары "Лениншіл жас” (қазіргі "Жас Алаш”) газетінде жарияланып тұрған.
Университетті ойдағыдай тәмамдаған Орынбек өзінің журналистік жолын Қазақ мемлекеттік телерадио комитетінде аға редактор болып бастаған еді. Тындырмай тыным таппайтын, ойға алғанын орындамай жатпайтын Орынбек ондаған телехабарлар мен радиохабарлардың, көптеген проблемалық мақалалардың, ойлы очерктер мен сындарлы сұхбаттардың авторы болды.
Әдеби-драмалық хабарлар редакциясында қызмет еткен жылдар ішінде сол кезде осы редакцияның бас редакторы болған белгілі қоғам қайраткері Сұлтан Оразалиновтің басшылығымен "Халық қазынасы”, "Шұғыла” әдеби телебағдарламаларының аясында халық театрлары, термешілер, жыршы, жыраулар туралы тартымды хабарлар ұйымдастырды. Жүректерге жол тапқан осындай хабарларға белгілі ақын, жыршылар Манап Көкенов, Аяз Бетбаев, Әбілаш Әбуов сияқты және басқа да өнер тарландары шақырылып, бүкіл республика жұртшылығы олардың орындауындағы тәлімі мол термелер мен жақұт жырларды тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Осы тақырыпты арқау еткен хабарларға Рахманқұл Бердібай, Мардан Байділдаев, Көбей Сейдеханов сынды ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдар қатысып, қазақтың аса бай ауыз әдебиетінің жанрлары жөніндегі өзіндік ой-толғамдарын ортаға салды. Қазақтың ою-өрнектері, зергерлік бұйымдары хақында ұйымдастырған, таным көкжиегін кеңейте түсетін хабарлары да оқырман жүрегіне жол тауып жатты.
Жанатаев Қазақбай
Жанатаев Қазақбай Әбдуәліұлы 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласының Ащысай елді-мекенінде дүниеге келген.
Еңбек жолы туралы мәлімет.
1978 жылы М. Горкий атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, Алматы шет тілдері педагогикалық институтының ағылшын тілі факультетіне түсті.
1983 жылы Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітіргеннен кейін 1991 жылға дейін №8 орта мектепте ағылшын тілінен сабақ берді.
1991 жылы Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факультетінің "Адам морфологиясы” кафедрасына оқытушы қызметіне жұмысқа қабылданды. 1994 аға оқытушы қызметіне ауыстырылды.
2003 жылдың қыркүйек айынан бастап "Шетел тілдері” кафедрасына кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
2006-2007 оқу жылынан қазіргі таңға дейін Түркістан қаласындағы Жаратылыстану және медицина институтында "Шетел тілдері” кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Ғылыми еңбек жолы.
1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Д14. А10.23 диссертациялық кеңесінде 10.02.02- қазақ тілі мамандығы бойынша "Адамның жасына, жынысына қатысты атаулардың лексикалық-семантикалық және этнолингвистикалық сипаты” атты диссертациялық жұмысын сәтті қорғады. 2007 жылы ЖАҚ-тың доценті ғылыми атағын алды.
Еңбектері туралы мәлімет.
Қ.А. Жанатаевтың баспадан шыққан 21 ғылыми еңбектері, оның ішінде 14 ғылыми мақала , 1 монография, 3 оқу құралы, 3 оқу-әдістемелік құралы бар.
1."Адамға қатысты атаулардың лексика-семантикалық және этнолингвистикалық сипаты” атты монография.
2. "Латын тілінен жоғары медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған жаттығулар жинағы” (Қазақ және орыс тілдерінде, өзіндік жұмыстарға арналған оқу құралы)
3. "Русский язык” практикум по развитию устной речи.
4. "Латын тілі”. Оқу құралы.
Рахманқұл Бердібаев
Рахманқұл Бердібаев, академик: Көзқамандар мәңгүрттерден де қауіпті
Көзқамандар білімді, ақыл-есі бүтін, дүниежүзі тарихы мен экономикасыннан сөз қозғағанда желдей еседі. Тіпті, кітап та жазатын санасы бар.
Бірақ олардың білімі өз ұлтына жанасымы жоқ космополиттік білім. Көзқамандардың қазіргі мұрагерлері өз ана тілін білмейді. Халықтың салт-санасын мансұқтайды. Елінің тарихын қадір тұтпайды. Ең қасіреттісі сол, елінде болып жатқан құбылыстарға өз ұлтының мақсат-мұраты тұрғысынан емес, басқа бір елдің көзқарасы мен дүниетанымы биігінен қарайды. Сондықтан да көзқамандар мәңгүрттерден анағұрлым қауіпті.
Бұдан құтылудың жолы – қазақтың ұлы мен қызы қазақ балабақшасына, бірінші сыныптан бастап, қазақ мектебіне баруы тиіс. Ұлт болып сақталып қалудың бірінші шарты бұл! Ел боламын дейтін ел өзінің ұлттық дәстүрін дамытуы керек. Біздің ұлы адамдарымыздың бәрі қазақша оқыған.
Шет елдерде оқытатын балаларды сұрыптау қажет. Кімді жіберу керек? Бір ауыз қазақша білмейтін, ұлттық дәстүрден жұрдай адамды жіберуге болмайды! Болмайды! Мың жерден оның білімі жақсы болса да! Бұдан кейін ол бала қазақтың тілін, мәдениетін, басқасын үйренеді дегенді есіңізден шығарыңыздар!.